Атырауда таеквондодан Қазақстан спартакиадасы өтеді

0
759

Турнирге 14 облыстан жалпы есебі 153 спортшы қатысуға өтінім берген.


Атырауда таеквондодан Қазақстан спартакиадасы өтеді

ERNUR.KZ. 2-4 тамыз аралығында Атырау қаласында таеквондодан Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы өтеді, деп жазады Olympic.kz.

Елішілік турнирге 14 облыстан жалпы есебі 153 спортшы қатысуға өтінім берген.


Жарысқа қатысушылар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов жоқ. Сондай-ақ, Жансель Дениз жарақатына байланысты турнирден сырт қалмақ.

Гран-при жүлдегері Руслан Жапаров та жарыстан босатылды.

Ал жақында Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанған Смайыл Дүйсебай Атырау төрінде сынға түседі деп күтілуде.