"Атыраудан" тағы бір легионер кетті

0
907

Жартылай қорғаушы "Атырау" сапында 2020 жылдың ақпанынан бері өнер көрсетті.


ERNUR.KZ. 32 жастағы армениялық жартылай қорғаушы Артак Дашян "Атыраудан" кетіп, "Пюник" сапына қосылды, деп жазады vesti.kz.

Жартылай қорғаушы "Атырау" сапында 2020 жылдың ақпанынан бері өнер көрсетті. Ол осы уақытқа дейін 39 ойынға қатысып, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Дашян еревандық "Пюник" сапына еркін агент ретінде ауысты. Биылғы маусымда аталған команда Армения премьер-лигасында екінші орында келеді.

Еске салайық, бұған дейін "Атырау" командасынан сербиялық қорғаушы Даниэль Стойкович кеткен еді. Ол карьерасын өзбекстандық "Нефтчи" командасында жалғастырады.