Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының кеңесші-бапкері қайтыс болды

0
581

Ол командада көп жыл қызмет атқарды.


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының кеңесші-бапкері қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарашаның төртіне қараған түні ауыр атлетикада белгілі бапкер, Қазақстан құрамасының кеңесшісі Энвер Туркелери көз жұмды, деп жазады Vesti.kz.

Ол 78 жасына қараған шағында Түркияда қайтыс болды.

Туркелери 1989 бен 2005 жылдар аралығы Түркия құрамасын жаттықтырған. Кейін 2019 жылға дейін Қазақстан құрамасында кеңесші-бапкер болып қызмет атқарды.