"Аякс" клубын тізгіндейтін бапкердің есімі белгілі болды

0
551

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, "Аякс" бұл қызметке бельгиялық "Брюгге" командасын жаттықтырып жүрген 49 жастағы голландиялық маман Альфред Шрёдерді тағайындайды. Қос тарап арасындағы келіссөздер аяқталуға жақын.


ERNUR.KZ. "Аякс" жуырда "Манчестер Юнайтедке" кеткен 52 жастағы Эрик тен Хагтың орнын басатын жаңа бас бапкердің есімін атайды, деп жазады vesti.kz.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, "Аякс" бұл қызметке бельгиялық "Брюгге" командасын жаттықтырып жүрген 49 жастағы голландиялық маман Альфред Шрёдерді тағайындайды. Қос тарап арасындағы келіссөздер аяқталуға жақын.

Бұған дейін Шрёдер Голландия чемпионатында "Твентені", Германияда "Хоффенхаймды" баптады. Альфред "Брюгге" клубын осы жылдың қаңтар айында тізгіндеп, содан бері 19 матч өткізіп үлгерді (14 жеңіс, 3 тең ойын, 2 жеңіліс).

Шрёдер бұған дейін де "Аякстың" жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген және тен Хагпен бірге команданы Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығарды, сонымен қатар, ел біріншілігінде топ жарды.