Қазақстандық бала атақты Марадонамен футбол ойнады

0
1 232

Жарық дүние есігін екі аяқсыз ашса да Әли өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған. Ол футболмен айналысқанды жақсы көреді. Бірде ол аргентиналық аңыз адам - Марадонамен бірге доп тепкісі келетінін айтып, видео жолдапты.


Қазақстандық бала атақты Марадонамен футбол ойнады

Қазақстандық мүгедек бала Әли Тұрғанбеков атақты футболшы Диего Марадонамен футбол ойнау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.


Жарық дүние есігін екі аяқсыз ашса да Әли өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған. Ол футболмен айналысқанды жақсы көреді. Бірде ол аргентиналық аңыз адам - Марадонамен бірге доп тепкісі келетінін айтып, видео жолдапты.

Жас Әлидің қуанышына орай оның бұл арманы шындыққа айналып, атақты футболшымен кездесті. Бұл туралы қос тарап Instagram парақшаларында жазды.

Әли Марадонамен бірге тек доп теуіп ғана қоймай, оның қолтаңбасы қойылған жейдеге де ие болды.