Қазақстандық спортшы каратэден чемпион атанды

0
1 182

Жарыста әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері де бақ сынады.


Қазақстандық спортшы каратэден чемпион атанды

ERNUR.KZ. Бүгін Атырау халықаралық әуежайында спортшыны жақын туыстары, достары салтанатты түрде қарсы алды, - деп жазады Vesti.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Қайсар" спорт клубының тәрбиеленушісі жапондық Окинава аралында каратэ-додан ересектер мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына қатысты. Азия чемпинатына әр түрлі мемлекеттен 700-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыста әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері де бақ сынады.
17 жастағы Әбілмансұр Батырғали 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде және "юниоры" жас санатында сынға түсті. Спортшы 4 кездесу өткізіп, Шри-Ланка, Өзбекстан, Таиланд және Ирандық қарсыластарынан басып түсіп, Азия чемпионы атанды.
"Ең қиын кездесу финалда ирандық спортшымен болды. Барлығына белгілі, Иранда барлық жекпе-жек түрлері жақсы дамыған, қарсыласым өте жақсы дайындалған, сондықтан біз соңына дейін бірдей ұпайда болдық. Бірақ, маған жеңіс бұйырды", - дейді Әбілмансұр Батырғали.
Жаттықтырушы Сансызбай Торғаевтың айтуынша, жарыс жасөспірімдерге бұдан да жоғары деңгейдегі жарыстарға жолдама болды.
"Алдағы уақытта Әбілмансұр Болгарияда өтетін жастар арасындағы халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысады. Онда жеңген спортшы Аргентинадағы Буэнос-Айрес қаласындағы жастар Олимпиадасына жолдама алады",- дейді Сансызбай Торғаев.
Айта кетейік, 17 жастағы Әбілмансұр Батырғали өткен жылы Астанада өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын, сол жылы каратэ-додан Әлем кубогінің иегері болды, спорт шеберіне үміткер.