Азиада жүлдесі үшін қазақстандық спортшыларға қанша төленетіні айтылды

0
671

Командалық жарыстарға қатысқан спортшыларға да төлемдер қарастырылған.


Азиада жүлдесі үшін қазақстандық спортшыларға қанша төленетіні айтылды

ERNUR.KZ. Ханчжоуда өткен Азия ойындарына қатысқан қазақстандық спортшылар жүлделер үшін қанша сыйақы алатыны айтылды, деп жазады vesti.kz.

Азиада жеңімпаздарына 10 000 доллар, күміз жүлдгерлерге - 5 000 доллар, ал қола жеңіп алғандарға - 3 000 мың доллардан беріледі. Бапкерлерге 5, 3 және 2 мың доллардан есептелген.

Сонымен қоса, командалық жарыстарға қатысқан спортшыларға да төлемдер қарастырылған.

Айта кетейік, еліміздің қоржынына 80 жүлде түсті, оның оны алтын, 22 күміс және 48 қола.