Азия чемпионаты: Азамат Дәулетбеков ел қоржынына алғашқы "алтынды" салды

0
411

Жекпе-жек 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.


Азия чемпионаты: Азамат Дәулетбеков ел қоржынына алғашқы

ERNUR.KZ Еркін күрестен Қазақстан құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков қатарынан үш дүркін Азия чемпионы атанды, деп жазады sputnik.kz.


86 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.

Осылайша, өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды.
Бұған дейін Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатынан бөлек, әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдегер атанған.