​Азия Чемпионаты: Қазақстан құрамасы кезекті алтын жүлделерге қол жеткізді

0
578

Нысана көздеуден Азия чемпионаты 20 қыркүйекке дейін жалғасады.


​Азия Чемпионаты: Қазақстан құрамасы кезекті алтын жүлделерге қол жеткізді

Шымкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық мергендер тағы да жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ересектер арасында 10 метрге пневматикалық винтовкамен көздеу жаттығуында Ислам Усейнов Азия чемпионы атанды. Ол 632,7 ұпаймен ел рекордын жаңартты. Екінші орынды Таиланд, үшінші орынды Бахрейн спортшылары еншіледі.
Ал жасөспірімдер арасында 10 метрге пневматикалық винтовкамен көздеуден үш жүлделі орынды отандық спортшылар еншіледі. Никита Шахторин алтын, Руслан Загитов күміс, Матвей Тимофеев қола жүлдегер атанды.
Нысана көздеуден Азия чемпионаты 20 қыркүйекке дейін жалғасады.