​Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы Өзбекстанды ойсырата ұтты

0
898

Қазіргі тартыста екі елдің жастары додаға түсіп жатыр.


​Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы Өзбекстанды ойсырата ұтты

ERNUR.KZ. Алматыда өтіп жатқан Жастар арасындағы Азия чемпионатында үшінші болып Қазақстан мен Өзбекстан алаңға шықты, деп жазады BAQ.KZ.

Өткен жылы Қырғызстанда өткен Бүкіләлемдік үшінші Көшпенділер ойындарында Өзбекстан мен Қазақстан құрамасы ойнаған болатын. Финалдық ойында біздің құрама ала шапанды ағайындарға есе жіберіп, әжептеуір сөз болғанын да несін жасырайық.

Алайда, ол ойында екі елдің ересектер құрамалары бақ сынасқан. Ал қазіргі тартыста екі елдің жастары додаға түсіп жатыр. Сол жеңіліс біздің жастар құрамасы үшін айтарлықтай намыс қайраған сәт болған сыңайлы. Олай дейтініміз, ойынның алғашқы бөлігінде-ақ, біздің бозбалалар есепті 6:2-ге жеткізді.

Тіпті құрама капитаны Құрманбек Тұрғанбек алғашқы салымды ойын бастала салысымен алғашқы 8 секундта салғанын айта кеткен жөн.

Сонымен, Б тобында бақ сынаған Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы тартысты бәсеке, Қазақстан құрамасының айқын басымдығымен аяқталды. Есеп – 13:2.