Азия чемпионаты: қазақстандық волейболшылар Үндістаннан басым түсті

0
782

Енді ел құрамасы 5-8 орындар үшін сынға түседі.


Азия чемпионаты: қазақстандық волейболшылар Үндістаннан басым түсті

ERNUR.KZ. Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсті, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық волейболшылар плей-офф сатысында Үндістаннан 3:0 (25:17, 25:17, 25:21) есебімен тізе бүктірді.

Бұдан бұрын олар жарыстың аталған сатысында Жапонияға 0:3 (13:25, 20:25, 18:25) есебімен есе жіберген еді.

Енді ел құрамасы 5-8 орындар үшін сынға түседі. Алдымен 5 қыркүйекте Австралиямен кездеседі.

Айта кетсек, қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына 12 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең үздік жетістігі – 2005 жылы алған күміс медаль.