Азия чемпионаты: Қазақстандықтар үш медаль алды

0
161

Қыздар арасында сынға түскен Алтын Шағаева финалда жапондық Мако Унодан ұтылып, «күмісті» қанағат тұтты.


Азия чемпионаты: Қазақстандықтар үш медаль алды

ERNUR.KZ. Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz.

Грек-рим күресінен 80 келі салмақта Мақсат Сайлау қырғызстандық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

65 келідегі Дінмұхаммед Қошқаров финалда ирандық Резе Хожатқа есе жіберіп, күміс медаль еншіледі.

Өкінішке қарай, 71 келідегі Денис Пилипенко қола үшін өткен күресте өзбекстандық спортшыға есе жіберді.

Қыздар арасында сынға түскен Алтын Шағаева финалда жапондық Мако Унодан ұтылып, «күмісті» қанағат тұтты.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет