Азия чемпионатында ауыр атлетикадан құрама қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

0
682

Ташкент төрінде отандасымыз Емберді Едіге 73 келі салмақта алтыннан алқа тағынды.


Азия чемпионатында ауыр атлетикадан құрама қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында құрама қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп жазады Vesti.kz.

Ташкент төрінде отандасымыз Емберді Едіге 73 келі салмақта алтыннан алқа тағынды. Ол қос сайыс қорытындысы (136+173) бойынша 309 келіні бағындырды, жұлқа мен серпеде күміс пен алтын жүлдені қоса алды.

Осыған дейін Қазақстан құрамасының сапынан 61 келіде Азамат Төлеген мен 55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Омаров қола жүлдегер атанды.