Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 14-жүлде түсті

0
1 109

Семсерлесуден Қазақстанның әйелдер командасы қола медаль алды.


Фото: ашық дереккөзден

Семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы бүгін Қазақстан қоржынына 14- жүлдені салды деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп - 25:45. Семсерлесу спортының ережесі бойынша, жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді. Осылайша, жақында ғана Азия чемпионатынан жүлделі оралған сабляшы қыздар Азия ойындарында да үздіктер қатарына енді. Еске сала кетейік, шпагадан ерлер командасы да финал жолдамасына таласады.