Азия ойындарында Түркістандық спортшы жүлдегер атанды

0
1 211


Азия ойындарында Түркістандық спортшы жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Индонезияда жалғасып жатқан Азия ойындарында Түркістан облысының спортшысы қола медаліне ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Атап айтса, Стенд атудан Дубль-трап бағдарламасы бойынша Түркістан облысының спортшысы Мария Дмитриенко қола жүлдеге ие болды. Жаттықтырушысы – Любовь Почивалова. Ол сайыс қорытындысы бойынша 125 ұпай жинады. Ал, 136 ұпаймен қытайлық Кингниян Ли алтын медаліна ие болды. Оның отандасы Итинг Бай 134 ұпаймен екінші орыннан көрініп, күміс медалін жеңіп алды.


Айта кетейік, Мария Дмитриенко – "Жоғары спорт шеберлігі" спорт мектебінің түлегі.