Азияның ең мықты футболшысы анықталды

0
561

Оңтүстік кореяның 30 жастағы ойыншысы бұл атақты алтыншы рет алып отыр.


Азияның ең мықты футболшысы анықталды

ERNUR.KZ. "Тоттенхэм" шабуылшысы Сон Хын Мин Азияның 2022 жылғы ең мықты футболшысы атанды, деп жазады vesti.kz.

Оңтүстік кореяның 30 жастағы ойыншысы бұл атақты алтыншы рет алып отыр. Таңдау азиялық футбол журналистері мен сарапшыларының дауыс беруі арқылы жасалды.

Сон Хын Мин 256 ұпай жинапты. Екінші орында Мехди Тареми ("Порту", Иран құрамасы) және үшінші Салем Әл-Давсари ("Әл-Хиләл", Сауд Арабиясының құрамасы) - екеуі де 120 балл жинаған.

Биылғы маусымда Сон Хын Мин 28 матчке қатысып, сегіз гол салды және төрт ассист жасады.