Балуан Данияр Қайсанов Олимпиадаға жолдама алды

0
1 335

Данияр Оңтүстік Корея өкілі Ли Сын-Чхольді 6:0 есебімен ұтты.


Балуан Данияр Қайсанов Олимпиадаға жолдама алды

ERNUR.KZ. Күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық жолдама алды, деп жазады ҚазАқпарат.

74 келіде белдескен Данияр Қайсанов кеше өткен ширек финалдық бәсекеде әлем үздігі, италиялық Франк Чемизодан ұтылған болатын. Чемизо өз кезегінде финалға жолдама алып, Қайсановқа жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі берілді. Бүгін өткен жұбаныш бәсекесінде Данияр Оңтүстік Корея өкілі Ли Сын-Чхольді 6:0 есебімен ұтып, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бүгін кешкі сессияда өтетін кіші финалда Данияр Қайсанов франциялық Зелимхан Хаджиевке қарсы кілемге шығады.