​«Барселона» 2,5 жылда алғаш рет Ла лиганың 4 матчында жеңіске жете алмады

0
1 024

Каталониялықтар «Валенсия» мен өткен матчтан бұрын «Атлетик»пен (1:1), «Леганес» (1:2), «Жирона» (2:2) есебімен тең түскен болатын.


​«Барселона» 2,5 жылда алғаш рет Ла лиганың 4 матчында жеңіске жете алмады

Испания чемпионы «Барселона» Ла лиганың 8 – турында «Валенсиямен» 1:1 есебінде тең ойнап, қатарынан 4 матчтан бері жеңіске жете алмай келеді. Осылайша, «Барса» соңғы 2,5 жылдың ішінде бірінші рет осындай төмен нәтиже көрсетіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Каталониялықтар «Валенсия» мен өткен матчтан бұрын «Атлетик»пен (1:1), «Леганес» (1:2), «Жирона» (2:2) есебімен тең түскен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, «Барселона» 2016 жылдың наурыз – сәуір айларында «Вильярреал» (2:2), «Реал» (Мадрид) (1:2), «Реал Сосьедад» (0:1) және «Валенсия» (1:2) нәтижелерін көрсеткен болатын. Қазіргі таңда Испания Ла лигасының 8 – турынан соң 2 – орынды иеленіп тұр. Команда турнир кестесінде көш бастап тұрған «Севилья»дан 1 ұпайға артта келеді.