"Барселона" басшысы жаңа бас бапкер іздеуге кірісті

0
552

"Барселона" командасының президенті Андре Пирлоны команданың бас бапкері етіп тағайындауға ниетті.


ERNUR.KZ. Бұл туралы журналист Херард Ромеро хабарлады, деп жазады kaz.vesti.kz.

"Ювентус" командасының бұрынғы бас бапкері команда тізгінін ұстауы мүмкін деген жалғыз үміткер емес. Роналд Куманның орнын басу мүмкін деген мамандардың қатарында Антонио Конте, Филлип Коку және Хави бар.

Еске салайық, Куман "Барселона" тізгінін 2020 жылы ұстаған болатын. Оның бастамасымен каталониялық команда Испания кубогін жеңіп, Испания біріншілігінде үшінші орын алды. Ал Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Бавариядан" ойсырай жеңіліп, шығып қалды.