"Барселона" жанкүйерлері Мессидің кетуіне байланысты наразылыққа шықты

0
632

Олар клуб президентінің кетуін талап етті.


ERNUR.KZ. Каталондық "Барселона" жанкүйерлері клубтың "Камп Ноу" стадионы алдына жиналып, наразылықтарын білдірді, деп жазады kaz.vesti.kz.

Олар Хосеп Мария Бартомеудің президент қызметінен кетуін талап етті. Жанкүйерлер аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің командадан кететіні белгілі болғаннан кейін ашуға мінген.

Жиналғандар алдын бөгеген күзетшілердің шебін бұзып, клуб аумағына басып кірген. Дегенмен наразылық бейбіт түрде өтіп жатыр.