"Барселонаны" кім жаттықтыратыны хабарланды

0
509

"Барселона" футбол клубының басшылығының таңдауы голландиялық жаттықтырушыға түскен.


ERNUR.KZ. Футболдан Нидерланды ұлттық құрамасының бас бапкері Рональд Куман жақын арада "Барселонаны" жаттықтыруы мүмкін. Голландиялық маман каталониялықтармен екі жылға келісімшартқа отырмақ, деп жазады kaz.nur.kz.

"Барселона" футбол клубының басшылығы голландиялық жаттықтырушыны команданың бас бапкері қызметіне ең лайықты үміткер ретінде қарастыруда.

Рональд Куманның Нидерланды корольдік футбол одағымен келісімшартында Еуро-2020 додасынан кейін қызметінен кетуге мүмкіндік беретін пункт бар екені белгілі болды.

Өзінің спорттық мансабында Рональд Куман 1989-1995 жылдар аралығында "Барселона" сапында доп тепкен. Ал 1998 жылдан 2000 жылға дейін ол каталониялық клубтың жаттықтырушылар құрамында көмекші болып қызмет атқарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін германиялық "Бавариядан" ойсырай жеңілген "Барселона" бас бапкері Хосеп Бартомеу Энрике Сетьенді жұмыстан босатылғаны хабарланған.

Сондай-ақ бас бапкермен бірге клубтан спорт директоры Эрик Абидальдің да кететіні айтылды.

Чемпиондар лигасының ширек финалында неміс клубы Кике Сетьеннің командасына сегіз гол соқты, жалпы есеп: 2-8.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Барселонаның" бас бапкерін сынға алғандар еселене түсті. Олар жеңіліске кінәлілердің бірі жаттықтырушы деп санайды.

Айта кетейік, Энрике Сетьен клубтың бас бапкері болып осы жылдың басында ғана тағайындалған болатын. Ол қаңтар айында қызметін босатылған Эрнесто Вальверденің орнына келген еді.