​«Барыс» қатарынан екінші ойынын жеңіспен аяқтады

0
881

Өткен турда «Барыс» клубы қонақта «Автомобилист» ұжымын 2:1 есебімен жеңген болатын. Сол үшінде отандастарымыз айтулы матчта «Трактор» клубынан 3 ұпай алуды мақсат етті.


​«Барыс» қатарынан екінші ойынын жеңіспен аяқтады

Құрлықтық хоккей лигасының 17 – турында Астананың «Барыс» командасы сырт алаңда Челябнкстың «Трактор» клубымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өткен турда «Барыс» клубы қонақта «Автомобилист» ұжымын 2:1 есебімен жеңген болатын. Сол үшінде отандастарымыз айтулы матчта «Трактор» клубынан 3 ұпай алуды мақсат етті. Бірақ, алғашқы кезеңде мұз айдынының иелері есепті ашты. 11 – минутта Александр Рыбаковтың пасынан соң
Александр Шаров соққысымен «Барыс» қақпасын анық нысанаға алды. Үзілістен соң елордалықтардың ойыны өзгерді. 24 – минутта Петтерсон таразы басын теңестіріп кетті. Кейін 10 минуттың ішінде «Трактор» құрамында Глинкин мен Рыбаков сәтті ойын көрсетіп, есепті 3:1 ге жеткізді.
Айта кетсек, мұз айдынына жиналған жанкүйерлер екінші кезеңде жалпы 5 шайбаның күәсі болды. Соңғы шешуші кезеңде «Барыс» хоккейшілері қатарынан екі гол соғып есепті 4:4ге жеткізді. Овертаймда отандастарымызға жеңіске жету бақыты бұйырды. Брэндон Баченски «Трактор» қақпашысын қапы қалдырып, командасына жеңіс сыйлады есеп – 5:4. «Барыс» келесі ойынын 26 қазан күні Астанада «Витязь» ұжымына қарсы өткізеді.