"Барыс" Мәскеуде "Динамоны" ұтты

0
2 537

Екінші кезеңде "Барыс" салған тағы бір шайбаны төрешілер санамай қойды.


ERNUR.KZ. Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында "Барыс" Мәскеудің "Динамосын" сырт алаңда 2:0 есебімен ұтып кетті, деп жазады Vesti.kz.

Екі шайба да бірінші кезеңде салынды. 16-ші минутта Джесси Блэкер, 19-шы минутта Павел Акользин шайба соқты.

Екінші кезеңде "Барыс" салған тағы бір шайбаны төрешілер санамай қойды.

Осы ойыннан кейін "Барыс" 55 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді. Бұған дейін "Барыс" 3:2 есебімен "Амурды" және 4:1 есебімен "Йокеритті" жеңген еді.

Енді Юрий Михайлис шәкірттері келесі ойынын 23 қаңтарда сырт алаңда "Витязге" қарсы өткізеді.