"Барыс" жаңа бапкермен келісімшарт жасағанын хабарлады

0
762

Скобрев конькимен жүгіруден Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері.


ERNUR.KZ. Елордалық "Барыс" хоккей командасы бір маусымға Иван Скорбевпен келісімшарт жасағанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Бұл маман команданың физикалық дайындығына жауап береді.

Скобрев конькимен жүгіруден Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері. Сонымен қатар әлем және Еуропа чемпионы. Соңғы төрт жылда ол мәскеулік "Динамо" командасында жұмыс істеді.

Айта кетейік, "Барыс" қазір алты ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді. Елордалық команда келесі кездесуін 25 қыркүйек күні "Сибирь" командасына қарсы өткізеді.