Бас бапкер құраманың Еуроға өте алмауына кінәліні атады

0
379

Адиев жаттықтыратын команда Люблянада өткен оныншы турда 1:2 есебімен ұтылып, Еуропа чемпионатына төте жолдама иелене алмады.


Бас бапкер құраманың Еуроға өте алмауына кінәліні атады

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Магомед Адиев ұлттық командамыздың Еуро-2024 іріктеуіндегі соңғы турда Словениядан ұтылғанына қатысты ойын айтты, деп жазады vesti.kz.

Адиев жаттықтыратын команда Люблянада өткен оныншы турда 1:2 есебімен ұтылып, Еуропа чемпионатына төте жолдама иелене алмады.

"Жігіттер жарады. Ал осы жеңіліске қатысты, ол мен үшін, бапкер ретінде өте ауыр тиіп отыр. Кей тұстарда қателік жіберген болармын, сондықтан жеңіліс үшін кінәнің бәрі менің мойнымда", - дейді бапкер Qazsport арнасына берген сұхбатында.