Басты үмітіміз де жеңілді! Бекзад Нұрдәулетов Олимпиаданың бірінші айналымынан аса алмады

0
414

Отандасымыз ресейлік Имам Хатаевқа қарсы шығып, 1:4 есебімен ұтылды.


Басты үмітіміз де жеңілді! Бекзад Нұрдәулетов Олимпиаданың бірінші айналымынан аса алмады

ERNUR.KZ. 2019 жылы әлем чемпионы атанған Бекзад Нұрдәулетов Олимпиада ойындарының бірінші айналымынан аса алмады, деп жазады Vesti.kz.

81 килоның 1/8 финалында отандасымыз ресейлік Имам Хатаевқа қарсы шығып, 1:4 есебімен ұтылды.

Еске салайық, бұған дейін Олимпиада ойындарында Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Надежда Рябец және Серік Теміржанов жарыс жолынан шыққан еді. Ал Сәкин Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин келесі кезеңге шықты.