Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет жеңіліс тапты

0
790

Бұрын ол барлық 18 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған. Оның 14-і мерзімінен бұрын.


Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет жеңіліс тапты

ERNUR.KZ. Батыр Жүкембаев 29 жастағы пуэрториклық Сабриэль Матиаспен жекпе-жегінде жеңіліс тапты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Жекпе-жек Лос-Анджелесте өтті. Бұл қазақстандық боксшының АҚШ аумағындағы алғашқы жекпе-жегі. Бұрын ол барлық кездесуін Канадада өткізген.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Төртінші раундта Матиас Жүкембаевты нокдаунға түсірді. Кейін сегізінші раундтан кейін қазақстандық боксшы бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Бұл - Жүкембаевтың карьерасындағы алғашқы жеңіліс. Бұрын ол барлық 18 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған. Оның 14-і мерзімінен бұрын.

Матиас осы уақытқа дейін 17 жекпе-жектің 16-сында жеңіске жеткен. Барлығында да мерзімінен бұрын. Ол 2019 жылы болған қайғылы оқиғадан кейін танымал болды. Онда жекпе-жектен кейін ресейлік боксшы Максим Дадашев комадан шықпай қайтыс болған еді.