"Баварияның" жартылай қорғаушысы коронавирус жұқтырды

0
531

Ол бірден командадан оқшауланды.


ERNUR.KZ. "Бавария" командасының жартылай қорғаушысы Серж Гнабри тапсырған коронавирус сынағының нәтижесі ойыншының COVID-19 жұқтырғанын көрсетті, деп жазады kaz.vesti.kz.

"Баварияның" ресми сайтында хабарланғандай, қазір ойыншы өз үйінде оқшауланған, өзін жақсы сезінеді. Бүгін, 21 қазанда "Альянц Арена" стадионында Мюнхендік клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші туры матчында Мадридтік "Атлетикомен" ойнайды. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.
Осы маусымда 25 жастағы Гнабри Бундеслигада «Бавария» үшін 4 ойын өткізіп, 3 гол соқты. Өткен маусымда ол командамен бірге ел чемпионы, Чемпиондар лигасының жеңімпазы және УЕФА Суперкубогының иегері атанды. Жартылай қорғаушы 2017 жылы «Вердерден» ауысып келген болатын.