Бейжің-2022: Олимпиада алауын жағу рәсімі көрерменсіз өтеді

0
617

COVID-19 пандемиясына байланысты екінші рет көрерменсіз өткен рәсім болмақ.


Бейжің-2022: Олимпиада алауын жағу рәсімі көрерменсіз өтеді

ERNUR.KZ. Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу рәсімі Грекиядағы Пелопоннес түбегіндегі ежелгі Олимпиадада өтеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

COVID-19 пандемиясына байланысты екінші рет көрерменсіз өткен рәсім болмақ.

2020 жылдың наурызында пандемияға байланысты грек ҰОК шешімімен коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында Токиодағы жазғы Олимпиаданың алау жағу рәсімі көрерменсіз өткен болатын. Оған тек ресми делегациялар мен Грекия Республикасының басшылығы, журналистер қатысты.

Биылғы рәсім мыңдаған көрерменсіз Грекия президенті Катерина Сакелларопулу пен ХОК президенті Томас Бахтың қатысуымен болады.

Дәстүр бойынша от ежелгі Гера ғибадатханасында күн сәулесінен параболалық айна көмегімен жағылады. Актриса Ксанти Георгиу ойнайтын "Бас діни қызметкер" Аполлонға Олимпиаданың алауын жағу үшін сәуле жібереді, ал Зевске ойындардың жеңімпаздарын гүл шоқтарымен құттықтау үшін дұға етеді. Осыдан кейін діни қызметкер алауды күн сәулелерін шоғырландыратын параболалық айнаға әкеледі.

Олимпиада алауын жаққаннан кейін, шағын театрландырылған қойылым өтеді. Содан кейін "бас діни қызметкер" отты бірінші алау ұстаушы спортшы Янсис Антониуға береді.