Бейжіңде Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

0
782

​Ойындардың ашылу салтанатына Қазақстан президенті де қатысып отыр.


Бейжіңде Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

ERNUR.KZ. Бейжіңде 2022 Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды, деп жазады Sputnik.

Трансляцияны мемлекеттік телеарналардан көруге болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та сол жерде. Алайда ашылу салтанатына көрермендер қатысып жатқан жоқ.

Қазақстаннан олимпиадаға 34 спортшы қатысады. Делегация Камбоджа құрамасынан кейін 81-құрама болып шығады.
Айта кетері, 3 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барды.