Бельгиядан жеңісті жұлып алды: Франция Ұлттар лигасы финалына шықты

0
578

Италияның Турин қаласында өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды.


Бельгиядан жеңісті жұлып алды: Франция Ұлттар лигасы финалына шықты

ERNUR.KZ. Ұлттар лигасының жартылай финалында Франция құрамасы Бельгияны ұтты, деп жазады Vesti.kz.

Италияның Турин қаласында өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда Бельгия 2:0 есебімен алда болған. 37-минутта Янник Карраско, ал 40-минутта Ромелу Лукаку гол салған еді.

Ал үзілістен кейін франциялықтар алға шықты. Алдымен 62-минутта Карим Бензема гол соқты, жеті минуттан кейін Килиан Мбаппе пенальтиден есепті теңестірді, ал 90-минутта Тео Ернандес матч нүктесін қойды.


Ұлттар лигасының финалында Франция Испаниямен ойнайды. Бұл кезедсу 10 қазан Миланда өтеді. Осы күні Туринде Бельгия мен Италия үшінші орынға таласады