Бензема Франция құрамасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді

0
681

Бензема Франция құрамасы үшін 97 матч өткізіп, 37 гол салған болатын.


Бензема Франция құрамасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Франциялық шабуылшы Карим Бензема Франция құрамасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп жазады vesti.kz.

"Реал" шабуылшысы бұл туралы Twitter желісінде жазды.

"Бүгінгіме жету үшін тер төктім, қателіктер жасадым, осы жеткенімді мақтан тұтамын! Мен өз тарихымды жаздым, ал біздің тарих тәмәм болды", - деп жазыпты Бензема.

Бензема Франция құрамасы үшін 97 матч өткізіп, 37 гол салған болатын.

Шабуылшы Катардағы әлем чемпионатына жарақат алып бара алмай қалды, алайда жарасы жазылғаннан кейін Карим мундиальдің шешуші ойындарына шақырту алмады. Бензема осы үшін бас бапкер Дидье Дешамға ренжіген ұқсайды.