Бибісара Асаубаева әлем рейтингінде үздік ондыққа қосылды

0
751

Бұл қазақстандық шахматшының әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі емес.


Бибісара Асаубаева әлем рейтингінде үздік ондыққа қосылды

ERNUR.KZ. Польша астанасында блицтен ФИДЕ-нің әлем чемпионатында топ жарған шахматшы Бибісара Асаубаева рейтингте көтерілді, деп жазады Рrosports.kz.

Бибісара Асаубаева 14 ұпай жинап, алтын жүлдені жеңіп алды. Екінші және үшінші орынға ресейлік Александра Костенюк (12,5 ұпай) пен Валентина Гунина (12 ұпай) жайғасты.

Осы жеңісінен соң Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 10-шы орынға көтерілді.

Бұл қазақстандық шахматшының әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі емес. Бұған дейін ол жылдам шахматтан (рапид) күміс жүлдені иеленген болатын.