Бір айда екінші рет: Қазақстандық Олимпиада жүлдегері жол апатына түсті

0
362

Бұл спортшының Ауыр атлетика федерациясы сыйлаған Toyota Camry көлігімен түскен екінші жол апаты екенін айта кетейік.


Бір айда екінші рет: Қазақстандық Олимпиада жүлдегері жол апатына түсті

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық ауыратлет Игорь Сон жол апатына түсті, деп жазады kaz.vesti.kz.

Мәлімет көзінің ақпаратынша, жол оқиғасы Алматы облысы Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласына барар жолда болған. Спортшы сол жерде туып-өсіп, спорттағы алғашқы қадамдарын бастаған еді.

Видеода айтарлықтай зақымдалып, эвакуаторға тиелген көлік көрініп тұр. Жол апатының мән-жайы белгісіз.

Бұл спортшының Ауыр атлетика федерациясы сыйлаған Toyota Camry көлігімен түскен екінші жол апаты екенін айта кетейік. Машинаның құны 20 миллион теңгеден асады.