Бірден 10-12 футболшы: Қазақстандық клубтар қажетсіз ойыншылардан арылады

0
596

Командалар жас әрі жылдамырақ футболшылар алмақ.


Бірден 10-12 футболшы: Қазақстандық клубтар қажетсіз ойыншылардан арылады

ERNUR.KZ. Қостанайлық "Тобыл" маусым аяқталғанда бірден бірнеше футболшымен қош айтыспақ, деп жазады kaz.vesti.kz.

Ақпарат бойынша, қостанайлық клуб қажет емес футболшылардың тізімін жасап қойған екен. Онда грузиялық жартылай қорғаушылар Джаба Канкава және Ника Квеквескири бар. Олардың орнына "Тобыл" жас және жылдамырақ ойыншылар алмақ.

Мұның алдында "Астана" да еурокубоктардағы сәтсіз ойыннан кейін қатарын тазартуға ниетті екені белгілі болған. Осылайша, астаналық клуб маусым соңында қоштасатын бірден 10-12 футболшының тізімін жасаған.

"Тобыл" сегіз тур қорытындысы бойынша 13 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы келеді. Екінші орындағы "Астана" (15) бірінші келе жатқан "Қайраттан" тоғыз ұпай кем жинады.