Бішкекте өткен Азия чемпионатында шымкенттік спортшы үшінші орынға ие болды

0
1 272

Жерлесіміз қола жүлдеге таласта Жаңа Зеландия спортшысы Джюстин Бишопты жеңді.


Бішкекте өткен  Азия чемпионатында шымкенттік спортшы үшінші орынға ие болды

Бішкекте өткен дзюдодан Азия чемпионатында шымкенттік спортшы қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Севара Нишанбаева үшінші орынға ие болды.
Жерлесіміз қола жүлдеге таласта Жаңа Зеландия спортшысы Джюстин Бишопты жеңді. Бұл салмақта қытайлық Тонгжуан Ли топ жарса, Джису Ким (Оңтүстік Корея) күміс жүлдеге ие болды. Ал өзбекстандық Нулифар Ермаганбетова жарыстың екінші қоласын иеленді.
Айта кетсек, қырғыз елінің астанасында 30 елден 215 татами шебері күш сынасты.