Боксшы Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айрылды

0
741

Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO чемпионы атағын жеңіп алған болатын.


Боксшы Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айрылды

ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

2022 жылдың 27 желтоқсанындағы жағдай бойынша Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінде жоқ, бұған дейін оның есімі мен суреті тиісті бөлімде тұрған. Сонымен қатар беделді BoxRec.com порталында жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу бос деп көрсетілген.

Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Данияр Елеусінов жақын арада спорттық мансабын аяқтау мәселесіне қатысты пікір білдіріп, бокс өзіне онша ұнамайтындығы туралы айтқан еді.