Бокстан ӘЧ: Бүгін қазақстандық 9 боксшы ширек финалдық кездесуін өткізеді

0
530

Әлем чемпионаты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі.


Бокстан ӘЧ: Бүгін қазақстандық 9 боксшы ширек финалдық кездесуін өткізеді

ERNUR.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық 9 спортшы ширек финалдық кездесулерін өткізеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Астана уақытымен сағат 14.30-да басталатын күндізгі сессияда бірінші болып Алуа Балқыбекова (48 кг) рингке шығады. Оның қарсыласы – түркиялық Эриван Барут.

Сондай-ақ Карина Ибрагимова (57 кг) венесуэлалық Омайлин Алькаламен, Мәдина Нұршаева (70 кг) бразилиялық Барбара дос Сантоспен және Фариза Шолтай (81 кг) кениялық Элизабет Адиамбо Андиегомен қолғап түйістіреді.

Сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда Жайна Шекербекова (54 кг) колумбиялық Марсела Ариаспен, Римма Волосенко (60 кг) қытайлық Веньлу Янмен, Надежда Рябец (66 кг) Кабо-Верде өкілі Ивануса Гомес Морейрамен шеберлік байқасады. Ал Валентина Хальзова (75 кг) түркиялық Элиф Гюнеримен және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) үндістандық Нупурмен медаль үшін таласады.

Әлем чемпионаты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі.