Бокстан әлем чемпионаты: Махмуд Сабырхан бразилиялық қарсыласын сүріндірді

0
1 401

Қазақстандық боксшы 51 келі салмақта бразилиялық Майкл Тринидадпен шеберлік байқасты.


Бокстан әлем чемпионаты: Махмуд Сабырхан бразилиялық қарсыласын сүріндірді

ERNUR.KZ. Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты ширек финалында қазақстандық Махмуд Сабырхан жекпе-жегін өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшы 51 келі салмақта бразилиялық Майкл Тринидадпен шеберлік байқасты.

Жекпе-жек барысында Махмуд алғашқы екі раундта қарсыласына көбірек соққы жұмсады. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің басымдығы байқалды. Төрешілер шешімімен Махмуд жартылай финалға шықты.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетсек, ел құрамасынан 1/4 финалға он боксшы шықты. Бүгін қазақстандық Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бүгін шаршы алаңға шығады.