Бокстан әлем чемпионаты: Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

0
1 010

Рингке шыққан қазақстандық боксшылар түгелдей келесі айналымға өтті.


Бокстан әлем чемпионаты: Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

ERNUR.KZ. Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын Тұрсынбай Құлахмет жеңіспен бастады. Ол алғашқы айналымда чехиялық Милот Бартлды жеңді, деп жазады olympic.kz.

75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Тұрсынбай чехиялық боксшыға айла қалдырған жоқ. Екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп те үлгерді.

Ауыр әрі нық соққыларын жаудырған қазақстандық боксшының жеңісіне төрешілер де күмән келтірген жоқ. Қазылар бірауыздан Тұрсынбай Құлахметті жеңімпаз деп таныды.

Осылайша, бүгін рингке шыққан қазақстандық боксшылар түгелдей келесі айналымға өтті. Тұрсынбайдан бөлек, 52 келідегі Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин әлем чемпионатын одан әрі жалғастырады.