​Бокстан әлем чемпионы жол апатынан қайтыс болды

0
1 080

Мансабын аяқтаған экс-чемпион бапкерлікпен айналысуды қолға алған болатын.


​Бокстан әлем чемпионы жол апатынан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Мансабын аяқтаған экс-чемпион бапкерлікпен айналысуды қолға алған болатын, деп жазады ktk.kz.

Бокстан орта және жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Грациано Роккиджани 54 жасында жол апатынан қаза тапты. Германияның атынан кәсіби рингке шыққан Роккиджаниді Италияда таңертеңгі серуен кезінде көлік қағып, ажал құшты.

Грациано өз мансабында 48 жекпе-жек өткізіп, 41 рет жеңіске жеткен (соның ішінде 19-ы нокаутпен). Роккиджани 2003 жылдың мамырында неміс боксшысы Томас Ульрихтан жеңілгеннен кейін спорттық жолын аяқтап, бапкерлік жұмыспен айналысатынын мәлімдеген еді.

Әуесқой бокста Гразиано 122 кездесу өткізді. 1982 жылы екінші орташа салмақта ол Германия чемпионы атағын жеңіп алған.