Бокстан Еуропадағы олимпиадаға іріктеу турнирі тоқтатылады

0
481

Турнир 24 наурызда аяқталуы тиіс еді.


Бокстан Еуропадағы олимпиадаға іріктеу турнирі тоқтатылады

ERNUR.KZ. Әлемдегі коронавирус қаупіне байланысты Халықаралық олимпиада комитеті бокстан Лондонда өтетін еуропалық іріктеу турнирін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Хабар24.

Сондай-ақ Америкадағы іріктеу бәсекесі мен мамыр айында өтуі тиіс әлемдік кезең де үзіліс алады, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

14 наурыз күні бастау алған Еуропа аймақтық іріктеу турнирі бүгін кешкі сессия кездесулерінен соң тоқтатылады. Турнир 24 наурызда аяқталуы тиіс еді.

Ұйым мұндай қадамға спортшылар мен ресми тұлғалардың және турнирді ұйымдастыруға жауапты барлық қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында барған. Десе де Халықаралық олимпиада комитеті Токиодағы Олимпиада ойындарының дәл уақытында басталатынына сенімді.