Босниялық футболшы Қазақстанмен тең ойынға қатысты ойымен бөлісті

0
474

Зеница қаласында өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Енді командалар екінші кездесуді 9 қазан күні Қазақстанда өткізеді.


Босниялық футболшы Қазақстанмен тең ойынға қатысты ойымен бөлісті

ERNUR.KZ. Босния және Герцоговина құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Менало 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудеудегі Қазақстан құрамасына қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz.

"Біз қалай жеңе алмадық? Мен осыны түсінбей тұрмын. Бірінші таймда біз толық басымдыққа ие болды. Бірақ біз гол соға алмадық. Ал екінші таймда гол жібердік. Кейін есепті теңестіріп, тіпті алға шықтық. Соңында... Өкінішті әрине.

Ойын соңында босаңсып қалдық. Футболды төрешінің соңғы ысқырығына дейін ойнайды. Алайда біз осыны қаперімізге алмадық. Екінші таймда Қазақстан біраз қиындық тудыратынын көрдік. Жеңіске жетсек топтағы жағдайымыз жақсарып қалар еді. Дегенмен біз жағдайды туралауға тырысамыз. Уақыт бар. Ұпайдан шашау шығаруға болмайды енді", - деп келтіреді Меналоның сөзін Scsport басылымы.

Еске салайық, Зеница қаласында өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Енді командалар екінші кездесуді 9 қазан күні Қазақстанда өткізеді.