Бостон марафонының өтетін уақыты өзгерді

0
524

Келесі жылы марафон 125-рет өтеді.


Бостон марафонының өтетін уақыты өзгерді

ERNUR.KZ. 2021 жылдың сәуірінде өтуге тиіс болған әйгілі Бостон марафоны коронавирус індетіне байланысты күзге ауыстырылды, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҰОК хабарлайды.


«Алдағы күзде Бостон марафоны елдегі спорттық рухты тағы бір көтереді деп ойлаймыз. Көптеген мәселенің болуы орынды, барлық мәселені жақын арда шешуге тырысамыз», – дейді марафонның бас директоры Том Грилк.

Келесі жылы марафон 125-рет өтеді. Пандемияға байланысты биылғы жарыс онлайн форматта ұйымдастырылды.