Бүгін Астанада Қазақстан - Дания футболшылары кездеседі

0
1 159

Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі.


Бүгін Астанада Қазақстан - Дания футболшылары кездеседі

ERNUR.KZ. Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында бүгін Қазақстан құрамасы Данияны қабылдайды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары – Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.

Қазақстан-Дания қездесуі бүгін, 26 наурызда елордадағы «Астана - Арена» стадионында сағат 19.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Айта кетсек, ұлттық құраманың аталған матчына байланысты қосымша автобустар шығарылады.

Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездесті. Барлығында әлем чемпионаты іріктеу сатысында жолы түйіскен. Алдымен 2006 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысында 0:3, 1:2 есебімен жеңілсе, 2018 жылғы доп додасында 1:4, 1:3 есебімен жол берді. Ол уақытта қазақстандық футболшылар өз алаңындағы ойынын Алматы қаласындағы Орталық стадионда өткізген. Ендеше, екі құрама арасындағы кездесу «Астана-Арена» стадионында тұңғыш мәрте болады.