ӘЧ-2018: Әр құраманың бас бапкері қанша жалақы алады

0
1 527

15 мамыр күні барлық командалар Ресейге аттанатын алғашқы тізімді ұсынады. Бұл тізімге 35 футболшы енеді. Ал маусым айының басында соңғы 23 ойыншы іріктеледі.


ӘЧ-2018: Әр құраманың бас бапкері қанша жалақы алады

2018 жылы Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионаты басталар сәт жақындап келеді. Әлем жанкүйерлері асыға күткен айтулы дода алдында prosports.kz сайты сіздерің назарларыңызға чемпионатқа қатысатын 32 құраманың бас бапкерлері алатын жалақы мөлшерін ұсынады.

15 мамыр күні барлық командалар Ресейге аттанатын алғашқы тізімді ұсынады. Бұл тізімге 35 футболшы енеді. Ал маусым айының басында соңғы 23 ойыншы іріктеледі.

Голландияның zoomin телеарнасы жинақтаған мәліметке сүйенсек, әлем чемпионы атануға таласатын 32 бапкердің ішінде ең көп жалақы алатын Йоахим Лев екен. Германия құрамасының тізгінін 12 жыл бойы ұстап келе жатқан білікті бапкер жылына 3,8 миллион еуро алады. Ал ең аз жалақы Сенегал бапкеріне төленеді. Алью Сиссе мырза жылына бар болғаны 200 мың еуро алады.

Бір айта кетерлігі, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерін осы тізімге қосар болсақ үздік 15-тің қатарынан табылар еді. Себебі, бейресми ақпарат көздері Станимир Стоилов мырзаның Қазақстан құрамасын баптағаны үшін бір жылда 1 млн еуродан көп жалақы алатынын жазған болатын.

Әлем чемпионатына қатысатын 32 құраманың бас бапкерлері алатын жалақы:

1. Йоахим Лев (Германия, жылына 3,8 миллион еуро )

2. Тите (Бразилия, 3,4)

3. Дидье Дешам (Франция, 3,4)

4. Хулен Лопетеги (Испания, 2,9)

5. Станислав Черчесов (Ресей, 2.5)

6. Фернанду Сантуш (Португалия, 2,18)

7. Карлуш Кейруш (Иран, 1,9)

8. Гарет Саутгейт (Англия, 1,9)

9. Хорхе Сампаоли (Аргентина, 1,77)

10. Оскар Табарес (Уругвай, 1,7)

11. Эктор Купер (Египет, 1,5)

Хосе Пекерман (Колумбия, 1,5)

13. Хуан Пицци (Сауд Арабия, 1,4)

14. Берт ван Марвейк (Австралия, 1,17)

15. Рикардо Гарека (Перу, 1,1)

16. Хуан Осорио (Мексика, 1)

17. Оге Харейде (Дания, 0,925)

18. Акира Нисино (Жапония, 0,925)

19. Роберто Мартинес (Бельгия, 0,925)

20. Владимир Петкович (Швейцария, 0,845)

21. Эрве Ренар (Марокко, 0,778)

22. Хеймир Хадльгримссон (Исландия, 0,697)

23. Златко Далич (Хорватия, 0,546)

24. Гернот Рор (Нигерия, 0,497)

25. Янне Андерссон (Швеция, 0,448)

26. Син Тхэ Ен (Оңтүстік Корея, 0,448)

27. Эрнан Гомес (Панама, 0,398)

28. Набиль Маалул (Тунис, 0,348)

29. Оскар Рамирес (Коста-Рика, 0,348)

30. Младен Крстаич (Сербия, 0,298)

31. Адам Навалка (Польша, 0,268)

32. Алиу Сиссе (Сенегал, 0,2)