"Челси" бас бапкер Томас Тухельді қызметінен босатты

0
504

49 жастағы маманның орнын кім басатыны әзірге кім белгісіз.


ERNUR.KZ. "Челси" футбол командасы бас бапкер Томас Тухельді қызметінен босатты, деп жазады vesti.kz.

Кеше "Челси" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турында сырт алаңда загбертің "Динамо" командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бүгін команда басшылары бас бапкерді қызметінен босатты.

49 жастағы маманның орнын кім басатыны әзірге кім белгісіз. Бірақ үш үміткер бар. Олар - Зинедин Зидан, Маурисо Почеттино және Грэмм Потер.

Тухель "Челси" командасының тізгінін 2021 жылдың басында ұстады. Оның бастамасымен команда Чемпиондар лигасында, клубтар арасындағы әлем чемпионатында және УЕФА Суперкубогінде топ жарды.