Чемпионды шалқадан құлатты: Бокс кешінің басты айқасы сенсациямен бітті

0
547

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын.


Чемпионды шалқадан құлатты: Бокс кешінің басты айқасы сенсациямен бітті

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Карсон қаласында өткен бокс кешінің басты айқасы сенсациямен бітті, деп жазады vesti.kz.

25 жастағы Себастьян Фундора (20-1-1, 13 KO) мен 29 жастағы Брайан Мендоса (22-2, 16 KO) арасындағы жекпе-жек бірінші орта салмақ лимитінде өтіп, 12 раундқа есептелген болатын. Алайда жетінші раундта Фундора нокаутқа түсіп қалды.

Негізі Себастьян фаворит есептелген еді, оның үстіне бастапқы раундтарды оның басымдығы болды. Бірақ жетінші раундта қарсыласына жөнсіз жақын келіп, нокаутқа түсіп қалды. Осылайша, ол WBC ұйымының уақытша чемпионы атағынан айрылды.