Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жеңісінен кейін ауруханаға түсті - БАҚ

0
934

Оны дереу ауруханаға алып кеткен.


Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жеңісінен кейін ауруханаға түсті - БАҚ

ERNUR.KZ. Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегін өткізгеннен кейін ауруханаға түсті, - деп жазады Vesti.kz.

Чехия астанасы Прагада өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде Ысмағұловтың қарсыласы испаниялық Хоэль Альварес болды. Үш раундтық кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық файтер төрешілердің бірауызден шығарған шешімімен жеңіске жетті.

"Ысмағұлов журналистерге сұхбат бермеді. Оны дереу ауруханаға алып кетті. Ол қолын сындырып алғаны туралы қауесеттер бар. UFC ұйымының өкілдері спортшының медициналық жағдайы туралы пікір білдірмейтінін жеткізді", - деп жазды бразилиялық Globo және SporTV арнасының журналисі Хелена Ребелло Twitter желісіндегі парақшасында.

Осылайша этникалық қазақ спорттық мансабындағы 18-ші жекпе-жекте жеңіске жетті, екі рет жеңіліс тапқан. 17 кездесуге қатысқан оның қарсыласы Альварес үшінші рет тізе бүкті. Сондай-ақ, ол UFC турнирінде бірінші рет өнер көрсетті.

Айта кетейік, Ысмағұлов UFC ұйымында бірінші рет 1 желтоқсанда Аустралияның Аделаида қаласында жекпе-жекке шықты. Алайда қазақстандық спортшы алаң иесі Алекс Горджесті төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша ол UFC турнирінде жеңіске жеткен бірінші қазақ атанды.