Данил Мұсаев пен Пирмаммад Алиев батутты гимнастикадан әлем кубогіне қатысады

0
502

25-30 мамыр күндері Италияның Римини қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогі өтеді.


Данил Мұсаев пен Пирмаммад Алиев батутты гимнастикадан әлем кубогіне қатысады

ERNUR.KZ. Батуттағы гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем кубогіне қатысады, деп жазады olympic.kz.

Қазақстандық Данил Мұсаев пен Пирмаммад Алиев батутты гимнастикадан әлем кубогіне дайындалып жатыр. Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында қос атлет физикалық және тактикалық тұрғыдан шеберліктерін шыңдауда.

25-30 мамыр күндері Италияның Римини қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогі өтеді. Қазақстан намысын әлемдік додада екі спортшы қорғайды. Атап айтқанда, Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Әлиев бақ сынайды.

Қазіргі таңда қос атлет Алматы қаласында шеберліктерін шыңдап, дайындықтарын пысықтап жатыр. Жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиыны 24 мамыр күні аяқталады.